14.07.2014
Семинар тақырыптық пікір-талас түрінде өтіп жатыр, ал оған облыс әкімінің орынбасарлары және облыстық басқарамалардың бастықтары жетекшілік етуде.
Сонымен қатар, шара барысында 2014 жылдан бастап қолданысқа енген инветициялық жобаларға өтініш беру тәртібі түсіндірілді.
«Бүгінде жобаның атауын және оны жүзеге кім асыратынын, қанша қаржы керек екенін жаза салу жеткіліксіз. Жаңа заңға сәйкес сіз өз жобаңызға негіздеме беруіңіз керек. Мысалы, бұл мектеп болса, онда сіз бар мектептер тым көпж үктемені игере алмай жатыр деп түсініктеме беруіңіз керек», - деп экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Галина Кисленкова түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, семинар аясында облыстың индустриалды-инновациялық жобаларына экскурсия ұйымдастырылып, «Ауыл территорияларын дамыту» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді.