• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Тайландтық тарап мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабқа қызығушылық танытып отыр – Ә.Бәйменов 09.07.2014

«Тайландтық тарап Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабқа қызығушылық танытып отыр. Ол жақтың тәжірибесін ескере отырып біз хабтың қатысушысы ретінде біз хаб шеңберінің артып, бүгінгі таңда оған қатысушылар санының 29-ға жеткенін айта аламыз. Бұл өз кезегінде салада реформа жасауға мүмкіндік беретін көпжақты ынтымақтастық болып табылады», - дейді агенттік төрағасы.

Тайландтық делегация басшысының айтуынша, Өңірлік хабқа қатысу тәжірибе алмасуға таптырмайтын мүмкіндік.

«Біз өңірлік хабтың жұмысына үлкен қызығушылық танытып отырмыз. Онда біздің білуімізше қазіргі таңда 28 қатысушы мемлекет бар. Барлық елдің реформасы түрлі деңгейде. Біз осынау мемлкеттердің тәжірибесімен де бөлісуге мүдделіміз», - дейді Тайланд Корольдігінің мемлекеттік қызмет комиссиясы кеңсесінің бас хатшысы орынбасары Висоот Праситсиривонгсе.

Осылайша мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб қатысушылары саны 29-ды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Әлихан Бәйменов Тайланд Корольдігінің мемлекеттік қызмет комиссиясы кеңсесінің бас хатшысы орынбасары Висоот Праситсиривонгсемен кездесті.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Тайланд арасындағы мемлекеттік қызмет саласындағы көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың бүгіні мен болашағын талқылады.

Индира Қауметова


Back to the list