08.07.2014
Бұл жүйе ағымдағы жылдың наурызынан бастап жұмыс істеп келеді. Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz сайтында, «Тестілеу» айдарының «Тестілеу нәтижелері» бөліміне азаматтың ЖСН-ін енгізгенде арнайы бағдарлама оның ТАӘ, тестілеуден өткен күнін, «Өтті/Өтпеді» деген мәртебесін, лауазымның санатын және тест тапсырған өңірін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдарды осы бағдарламаның жұмысы жөнінде хабардар етті.
Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) өздерінің міндеттерін атқару барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты арқылы сертификаттың түпнұсқалылығын тексеруге міндетті.