• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен  Армения  ынтымақтастық туралы  меморандумға   қол қойды 21.05.2014

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  төрағасы Әлихан Бәйменов Армения Республикасы азаматтық қызмет кеңесінің  төрағасы Манвел Бадалянмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастық болашағын талқылады, деп хабарлайды агенттік.

Кездесу соңында мемлекеттік қызмет саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталмыш құжат бойынша сарапшылар кездесуі ұйымдастырылып, екі елдің мемелекттік қызметкрлеріне арналған іс-тәжірибеден өту мен кәсіби оқыту шаралары атқарылмақ.

Манвел Бадалян кездесу барысында Қазақстанның мемлекеттік қызмет реформасының тәжірибесіне үлкен қызығушылық білдіріп, соның ішінде «А» корпусының құрылуына көңіл аударды. 


Back to the list