20.05.2014
Семинарға алыс және жақын шетелден келген мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет саласындағы атақты ғалымдар,сарапшылар қатысты.
Шарада Америка Құрама Штаттары мемлекеттік қызметкерлерінің басқарма кеңсесі жанындағы Басқарушылардың біліктілігін арттыру федералды институтының (FEI) экс-директоры, Оңтүстік Калифорния Университетінің құрметті мемлекттік басқару профессоры Честер Ньюланд сөз сөйледі.
Айта кету керек, семинарға ҚР Мемлкеттік қызмет істері агенттігі өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет агенттігінің профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылыми қызметкерлері, докторанттар, БҰҰ ДБ мен Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласының Өңірлік хабы хатшылығы қызметкерлері қатысты.