20.05.2014
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған Жолдауында мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру бойынша нақты бағдарлар көрсетіліп негізгі басымдықтар белгіленген.
Алға қойылған міндеттерге сәйкес осы сессияны жүргізу: мемлекеттік қызметтің ұлттық және шетелдік тәжірибедегі адам ресурстарын тиімді басқаруды зерттеуге; халықаралық ұйымдармен, сарапшылармен және ғалымдармен ынтымақтастық орнату; тиімді персонал қалыптастыру жөніндегі үзіліссіз тәжірибе алмасу үшін институттық алаң құру; жаҺандық сындардың талаптары мен қоғамның сұрауына сәйкес келетін қызметкерлерді даярлау.
Сессияның жұмыс қорытындысы бойынша құқық қорғау қызметі жүйесіндегі персоналды басқару мәселелерінде халықаралық ынтымақтастық аясында ұйымдық және ғылыми күш-жігерді біріктіру жөніндегі ақпараттық-ресурстық орталық құру жоспарлануда.
Сессияның жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, қазақстандық, шет елдік ғалымдар, сарапшылар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысады.