• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ЭБЖМ мемлекеттік қызметтер көрсету саласын дамыту мәселелеріне арналған монографиясын жарыққа шығарды 07.05.2014

Осындай монография алғаш рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласын дамытуға құзыретті мемлекеттік органның редакциясымен басылды және осы саладағы қазіргі жағдайды, сонымен қатар, оның одан арғы даму перспективасын айқындайды, делінген хабарламада.

Осы монография мемлекеттік қызметтер көрсету саласын дамытуға елеулі үлес қосқан танымал саяси қайраткерлер авторлары болып табылатын мемлекеттік қызметтер көрсету саласының қалыптасуы, дамуы тақырыбындағы ерекше мақалалар, эсселер, комментарийлерден тұрады. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, сонымен бірге, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар.

Монографияда қозғалатын мәселелер біздің елімізде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ерекшеліктерін айқындайды. 

Монографияға Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтер көрсету тетіктерін көрнекі түрде ашып көрсететін ақпараттық-әдістемелік материалдар, буклеттер қосымша ретінде кірді.

 


Back to the list