17.04.2014
Мемлекет басшысы берілген анттың әр сөзі зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы және әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі мақсатымыз аясында мемлекет алдына биік міндеттер қойып отыр. Сондықтан сіздердің әрқайсыңыз өз салаларыңыз бойынша жүктелген міндеттерді ең жоғары деңгейде орындауға тиіссіздер. Сіздердің парыздарыңыз ел экономикасын жақсарту, әрбір өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, халықтың бірлігін сақтау болмақ. Егер әркім өз жұмысын ойдағыдай атқаратын болса, біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе аламыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.