• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда 2015 жылдың соңына қарай мемлекеттік персоналды  басқару бойынша «е-қызмет»  ықпалдастырылған жоба іске қосылады 17.04.2014

«Бүгін мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтерін автоматтандыруға арналған персоналды басқарудың «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін құру мәселесі тұр. «Е-қызмет» жүйесінің жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың кадр қызметіне халықаралық тәжірибеге сәйкес кадр қызметінің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұйымды басқаруда уақыт шығынын азайтады. Сондықтан да 2015 жылдың соңына қарай халықаралық тәжірибеге сәйкес Агенттік пен мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтерін автоматтандыруға арналған персоналды басқарудың «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін құру жобасын іске қосу жоспарланған», - деп семинарда Ә.Байменов хабарлады.

Сонымен қатар ол, «е-қызметті» енгізудің басты тиімділік шарты ресурстарды басқару қызметтерінің қәсіпқойлылығын арттыру болып табылады, деп атап өтті.

«Аудандық деңгейден бастап «е-қызметті» енгізгенге дейін ұжымды басқару қызметтерін тиімді жұмыс істеуге және артылған уақытты мемлекеттік қызметкердің қызметін бағалау мен мамандарды қабылдауға және оларды көтеру мәселеріне көбірек араласуға дайындау», - деп Агенттік басшысы ағынан жарылды.

Сонымен қатар жаңа кадрлық және ақпараттық технологияның енгізілуі адам ресурсын басқару сапасын арттырудың басты факторларының ірі болып табылатынын айтты.

Семинарға ЕО Жобасы арқылы халықаралық сарапшылар, оның ішінде Нидерланды мемлекеттік секторында кадрлық үдерістерді автоматтандыру бойынша тәжірибелі, надерландық P-Direct мемлекеттік компаниясы президенті Сильвия Бронманс шақырылды.

«Біздің міндетіміз - сапаны арттыру. Біз өзге де барлық мемлекеттік сектор өкілдерімен бірлесіп жұмыс істейміз. Тек, ұлттық деңгейдегі ғана емес, жергілікті мемлекеттік секторларменде әріптестік құрдық. Бізде орталық үкіметті дамыту бойынша бірнеше тапсырма бар. Оған шығынды азайту, уақыт шығынын қысқарту енеді. Осы орайда тек штаттық шығынды азайтып қана қоймай, штаттық кестені де үнемдейміз. Мысалға, біз 25 мың штаттық кестені 13 мыңға дейін азайтуды көздеп отырмыз. Бұл біздің жетістігіміздің көрінісі. Айта кету керек, бірлескен кадрла

 


Back to the list