• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекеттік басқару Академиясының делегациясы Оңтүстік Кореяның COTI институтына  барды 16.04.2014

Екі жақты кездесу аясында «А» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін оқыту тәжірибесімен алмасты, деп  Мемлекеттік басқару академиясынан хабарлады.

COTI институты Оңтүстік Кореяда жоғары басқару деңгейіндегі мемлекеттік қызметкерлерді оқытуда көшбасында.

Академия өкілдеріне жоғары басқару қызметіне үміткерлерді оқыту бойынша бағдарламалар таныстырылды. Оқыту бағдарламасының негізгі бағыттары - ол негізгі 6 құзыретті дамыту, мемлекет филисофиясын, экономикалық саясатты, мәдениетті,  сонымен қатар қауіпсіздік және дипломатия сұрақтарын түсіну.

Кездесу барысында Академияның вице-ректоры А. Мұхамеджанов Қазақстандағы «А» корпусының жұмыс істеп жүрген әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді оқыту барысы жайлы және біліктілікті арттыру  семинарлары мен мемлекеттік қызметкерлерді қайта дайындау курстарының бағдарламасын жасақтау туралы айтып берді.

Бағдарламаға тренингке қатысу, Қауіпсіздік және мемлекеттік басқару министрлігінің (MOSPA) департамент директорларымен кездесу, Кореялық ұлттық қорғаныс университетінің (KNDU) басқару құрамымен кездесу енгізілді.

Сонымен қатар, кездесу кезінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен COTI институты өзара ынтымақтастықты одан ары жалғастырамыз деп уағдаласты.  Демек, олар жоғары басқару деңгейіндегі әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді оқыту бойынша профессорлық-оқытушылар құрамымен алмасуды жалғастырады. 


Back to the list