• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-да Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің даму болашағы талқыланды 04.04.2014

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, конференция жұмысына оқу орындарының ғалымдары мен магистранттары, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

ҚР Агенттігінің ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері  департаментінің басшысы, Тәртіптік кеңестің төрағасы Т. Жұмағұлов өздерінің сөзінде Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің даму болашағы, проблемалары мен негіздеріне  кеңінен тоқталды.

Ал, «Integrity Action» британдық үкіметтік емес ұйымдардың А. Алексанян мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен өзара байланысына қатысты сұрақтарға тоқталды.

Сонымен қатар, конференция шеңберінде оқу орындарының профессорлық-ұстаздар құрамының өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер де сөз сөйледі.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсынысы мен іс-шара бойынша қарау қабылданып, мақалалар жинағы шығарылды.

 


Back to the list