24.06.2017
Акция Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде өтуде.
Денсаулық сақтау саласындағы қаржылық заң бұзушылықтармен (жалақыны уақытылы төлемеу, сыбайлас жемқорлық, алым және т.б.) бетпе-бет келген медицина қызметкері немесе пациент «Жәрдем-Содействие» белгісімен шағымдарын 100@rcrz.kz электронды мекенжайына жібере алады.
"ДСДРО алған ақпаратты тексеру және бақылау шараларын қабылдау үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қарауына жібереді", - деп түсіндірілді Денсаулық сақтау министрлігінде.
Аталған акция азаматтардың санасын күшейтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық заң бұзушылық фактілерін анықтаудағы ашықтықты, жариялылықты және жеделдікті арттыруға бағытталған.