• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жеке меншік сектор мен азаматтық қоғамды тарту қажет – сарапшы (ВИДЕО) 12.04.2017

«Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қоспағанда, көптеген салаларда даму жағынан жылдам ілгері басып келетінін атап өткім келеді. Егер еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қарқынын қуып жете алмаса, бұл ең жоғары деңгейде қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуді бәсеңдетеді», – деп атап өтті Д. Кош.

Сондай-ақ, ол бұл Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа да елдердің проблемасы екенін айтты.

«Адамның алған позициясы неғұрлым жоғары болса, оның өкілеттіктері де соғұрлым көбірек болады. Жоғары лауазымды тұлғалар пара алуға немесе ұрлыққа мұқтаждықтан бармайды, барлығы олардың сараңдығының деңгейіне байланысты», – деді Д. Кош.

Сонымен қатар, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемасы әлемнің көптеген елдерінде белгілі және оның қағидаттары бірдей екенін, өкінішке орай, Қазақстанда осы қағидаттардың барлығы бірдей қолданылмайтынын да айтып өтті.

«Мемлекеттік секторға келетін болсақ, Қазақстан Үкіметі аталмыш проблеманы өз бетінше жеңе алады деп санайды. Алайда, бұл дұрыс емес. Бұл күреске жеке меншік секторы мен азаматтық қоғам ұйымдарын да тарту қажет. Бір тарап қандай да бір нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін, бірақ барлық қатысушылар мүдделі болса, нәтиже одан да жақсы болмақ», – деп қорытындылады Д. Кош.

Еске сала кетейік, Астанада 40 елден ведомство басшыларының, елшілер мен сарапшылардың басын қосқан «Мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатындағы әріптестік» тақырыбына Мемлекеттік қызмет саласындағы Астаналық өңірлік хабтың халықаралық конференциясы өтуде. Астана мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе және білім алмасудың халықаралық орталығына айналды.

Қайрат Жандыбаев

Видео Арман Мұхатов


Back to the list