07.04.2017
Жиынға министрліктің, ҚР ДСМ аймақтық комитет департаменттерінің, облыстық Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының, ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
«Алқа жиынына дайындық барысында біз денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралармен қамтылуын талдадық. Талдау жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігі жеткіліксіз екенін көрсетті. Осы тұрғыдан, бізге денсаулық сақтау қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, нормативтік құқықтық актілердегі және процедуралардағы жемқорлық тәуекелдерді анықтау және жою, кадрларды іріктеп оларды орналастыру қажет», - деді Болат Төкежанов.
Жоспар бойынша денсаулық сақтау жүйесінде жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы әрекеттер бойынша кең көлемді іс-шаралар белгіленген, ол: мемлекеттік қызметкерлердің, медицина мекемелері басшыларының және бюджеттік сала қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын және жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру; өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыру бойынша шаралар қабылдау, оларды барынша автоматтандыру және т.б.