• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның қоғамдық  мекемелері жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 5 жоба ұсынды 16.03.2017

Көрсетілген іс-шараны өткізуге мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының белсенді жақтастары – Қазақстанның Азаматтық Альянсы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығы бастамашы болды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталған бастамаға және іс-шараны ұйымдастыруға қолдау білдірді.

Одан бөлек, Агенттік Азаматтық Альянспен, Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясымен және Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығымен бірлесіп 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланған:

- «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық аудит;

- мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысын қарастыру;

- сатып алынатын қызметтер және тауарлардың дәлелденген бағаларына мемлекеттік сатып алуларды мониторингтеу;

- еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;

- «Жолдарда» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 10 қадам».

Жалпы, Конгрестің қатысушылары жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жоғары бағалады және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.



 


Back to the list