22.02.2017
ҚР ЕХӘҚМ басшысы, мұндай келеңсіздіктердің басым бөлігі еңбекке жарамсыздық жайын анықтау мен азаматтарға мүгедектік тобын тағайындау бағыттарында байқалғанын атап өтті.
«Адамдар орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарды ажыратып жатпайды. Оларға керегі, барлық қажетті үдерістердің заң аясында жүргізілгені. Әлеуметтік-еңбек саласында сыбайлас жемқорлыққа жол беруге болмайды! Бұл мәселе, қызмет дәрежесіне қарамастан, барлығымызға қатысты. Баршамыз іс жүзіндегі заң талаптарын бұлжытпай сақтауға тиіспіз», - деп нығарлаған Тамара Дүйсенова, әлеуметтік-еңбек саласында жіберілген жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін басшыларға қатаң жауапкершілік жүктелетінін ескетті.
Кездесу қорытындысында, министр, кешегі ҚР ЕХӘҚМ кеңейтілген алқа отырысында алға қойған тапсырмаларды орындауға қатысты бірқатар нұсқаулар берді.