• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеген 05.12.2016

Ол қазіргі уақытта 2015 жылғы қаңтар-қазанда анықталған 105 қылмысқа қарсы 94 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген.

«Жалпы, өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар қабылдануда, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілуде», - деп атап өтті ол.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды, соның ішінде ведомство ішінде бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Біз – мемлекеттік қызметшілер халық игілігіне жұмыс жасаймыз. Сыбайлас жемқорлықты барлық жерде жою қажет, оның мемлекеттік мекемелерде орын алуына жол беруге болмайды», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту үшін, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде халықпен тікелей байланысын барынша азайту мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет екенін қосты.  


Back to the list