• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
А.Шпекбаев: ҚР-да соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі құрылды 21.11.2016

Агенттіктің таныстыруы барысында елде іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясат аспектілері ғана қозғалып қоймай, сонымен қатар мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалық құжаттар енгізу нәтижелері де көрсетілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.  

«Қазақстанда соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі құрылды, осының нәтижесінде әкімшілік кедергілер едәуір қысқарды, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шараларын жүзеге асыруда көптеген қадамдар жасалуда», - деді спикер.

Сөз сөйлеу барысында мемлекеттік қызмет саласы бойынша да және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бөлігінде де ашық статистика келтірілді.

Агенттік 10 ай ішінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан 1500-ден астам этикалық және тәртіп бұзушылықтары анықтағаны атап өтілді, оның 350-ден астамы тиісті жазасын алған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын анықтау үшін 8 министрлік пен 4 комитеттің қызметі тексерілді, нәтижесінде 600 бұзушылық анықталған.

Сондай-ақ, жиынға жиналған мемлекеттік қызметшілерге қарапайым сыйлықтың да сыбайластыққа жетелейтіні де айтып өтілді.


Back to the list