• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда  сыбайлас жемқорлықтың көріністері азайды 11.11.2016

«Біз қабылданған шаралар өз нәтижелерін бере бастағанын және мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендегенін айта аламыз», - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай ведомстваның дәстүрлі брифингісінде.

Ол ағымдағы жылдың 9 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне тіркелген сыбайлас жемқорлық соталды тергеу материалдарының саны 37%-ға (294-тен 185-ке) төмендегенін және олардың 120 біздің ішкі қауіпсіздік бөлімдерімен немесе басқа құқыққорғау органдарымен бірлескен шаралар нәтижесінде анықталғандығын атап өтті.

Пара алу фактілері мемлекеттік кірістер жүйесінде 2 есе (88-ден 45-ке) азайған.

Бұл жағымды өзгерістердің себептері ретінде МКК ресми өкілі вдомстваның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысын түбегейлі қайта қарағандығын айтты.

Егер бұрындары сыбайлас жемқорлық қақарсы іс-қимыл айыпты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы оның салдарымен күреске бағытталған болса, қазір алдын-алуға баса назар аударылуда.

М.Жұманбай М сыбайлас жемқорлық жасап әшкереленген қызметкерлердің тікелей басшыларының жауапкершілігі қатаңдатылғандығы айтып өтті. Осы жылдың басынан қарамағындағылардың жұмысына бақылау жасамағаны үшін 44 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 4-і төмен қызметке ауыстырылды, бірқатары лауазымнан босатылды.

Ұсақ бұзушылықтар және мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік күшейтілді.

Ағымдағы жылғы 9 айда 3,5 мыңнан аса лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, оның 64-і жұмыстан қуылды (2015 ж. 9 ай – 3014 қызметкер жазаланды, 42 жұмыстан шығарылды).

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар үшін 45 (35) адам жазаланды, оның 12 жұмыстан

Сонымен қатар, М.Жұманбай Мемлекеттік қызметтер мен бақылау-рұқсат беру функцияларының көп шоғырлануына орай мемлекеттік кірістер органдарының қызметі бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдері кездесетін салалардың біріне жататындығын мойындады.


Back to the list