10.11.2016
Күн тәртiбiне IIД-нiң жергiлiктi полиция қызметiнiң ағымдағы жылдың 10 айы бойынша қызметiнiң қорытындысы мен бiрнеше аудандарда құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жүргiзiлген жұмыстар қарастырылды.
Жергiлiктi полиция қызметiнiң басшысы Қанат Айтбаев өз баяндамасында тiркелген қылмыс санының төмендегенiн атап өттi.
«Аса ауыр қылмыстар саны 24%-ға, ауыр қылмыс 7%-ға, оның iшiнде адам өлтiру 10%-ға, бопсалаушылық 56%-ға азайды. Сондай-ақ ұрлық, тонаушылық, мал ұрлығы, бұзақылық саны да төмендеген. Қоғамдық жерде жасалған қылмыс саны 12%-ға, көшелердегi бұзақылық 16%-ға, кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған қылмыс 20%-ға, отбасылық-тұрмыстық жағдайдағы қылмыс 28%-ға төмендеп, 118 мың әкiмшiлiк құқық бұзушылық тiркелген», — дедi Қанат Айтбаев.
Тәртiп қорғау жұмысыныда бейнебақылаулар мен бейнетiркеуiштердi қолдану өз нәтижесiн беруде.
Олардың көмегiмен жергiлiктi полиция қызметкерлерi шағын бұзақылықтың 1832 фактiсiн ашты, оның 1424-i рұқсат етiлмеген жерлерде сауда жүргiзуге байланысты.
Бейнебақылау жүйесiнiң көмегiмен 273 фактi тiркелiп, соның арқасында 18 593 әкiмшiлiк құқық бұзушылық пен қылмыс ашылған. «Өзгенiң мүлкiн ұрлауға қарсы ведомствоаралық бағдарламаны» сондай-ақ «Қауiпсiз аула» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ПИК өкiлдерiмен кездесу жүргiзiлiп, аулалар мен кiреберiстерге бейнебақылау орнату мәселесi талқыланады.
Облыс әкiмi өңiрдiң Iшкi iстер департаментi мен жергiлiктi полиция қызметiне оң баға бердi. Сондай-ақ отырыс барысында конференц-байланыс арқылы Қызылжар, Тимирязев ауданының әкiмдерi қоғамдық тұрақтылық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылықты алдын алу, құқық қорғау органдарымен өзара ынтымақтастық шаралары бойынша жүргiзiлген жұмыстар жөнiнде есеп бердi.
Ақпаратты тыңдаған өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов құқық бұзушылықпен күресте спортқа баулу шаралары үлкен маңызға ие екенiн атап өттi.
«Осы жылы бiз елдi мекендерде 363 футбол алаңын аштық. Спортпен шұғылдану — құқық бұзушылықты алдын алуда үлкен маңызға ие. Мұндай жағдайларды жасау керек», — деп атап өттi облыс әкiмi.