• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР-да  300-ге жуық  мемлекеттік қызметкер заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды 03.10.2016

Мемлекеттік органдардың қызметіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау қызметін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақты бөлімшелерімен ағымдағы жылы  189 ішінара тексеру жүргізілді.

Бұл ретте, Агенттіктің орталық аппараты тарапынан ұлттық экономика, әділет, инвестициялар және даму министрліктері  және олардың бірқатар комитеттерінің қызметтеріне талдау жүргізілді.

Тексеру барысында заңнаманың, сондай-ақ, стандарт пен регламенттердің нормалары жүйелі түрде бұзушылықтарға жол беретіндігі анықталды.

Олар қызмет көрсетуші тарапынан қосымша құжаттарды талап етуі, негізсіз бас тартуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін созу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өтініш пен құжаттар топтамасын өздігінен тапсыруға мүмкіндіктің жоқтығы, бизнес-процестердің сәйкессіздігі, шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуы, қызмет алушылардың құжаттары толық болмағандығына қарамастан мемлекеттік қызметті көрсету және т.б. бұзушылықтар.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан тиісті іс-шаралар жоспарлары әзірленді.

Сонымен қатар, Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 175 шағым түскен, олардың негізінде 79 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Аталған жұмыстың нәтижесінде 48 шағым иелерінің дәлелдері расталып, 33 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

Орын алған заңнама бұзушылықтар үшін мемлекеттік органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының 291 қызметкері әртүрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері тарапынан енгізілген ұсыныстардың орындалуы бойынша мониторинг пен бағалау жүйелі түрде жүргізілетін болады.

 


Back to the list