05.02.2015
Кездесуде «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» мен сыбайлас жемқорлықпен жұртшылық болып жұмыла күресудің жолдары талқыланды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
«Жаңадан құрылған біздің Департамент «Біздің міндет – халыққа қызмет» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін құрылым. Стратегия аясында біздің жұмыс жемқорлықпен қатысы барларды жазалаумен шектелмейді. Ең алдымен, ел ішінде түсініктеме жұмыстарын жүргізу балабақшадан басталады. Көпшіліктің ой-пікірін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттауымыз керек», – деді Ғ. Досанов.
Жиында Ғ. Досанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге құрылымдармен бірге, БАҚ-мен күш біріктірудің аса маңыздылығын айтып өтті.
«Біздің Департаменттің миссиясы мен қызметінің негізгі бағыттарын халыққа жеткізудегі БАҚ-ның рөлі аса маңызды. Сондықтан баршаңызды алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын», – деді Ғ. Досанов.