• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысында жемқорлықтың пайда болу  жағдайын азайту шаралары қабылдануда 23.01.2015

Семнарға қатысушыларға арнап сөз сөйлеген облыс әкімі аппаратының жетекшісі Константин Петров атап өткендей, шараның мақсаты - заңнаманы түсіндіру. Белгілі болатындай, өткен жылдың аяғында 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді.

«Жемқорлық - ұлттық қауіпсіздіктің тікелей дұшпаны. Жасыратыны жоқ, мемлекеттік қызметкерлер, жетекшілер мен қарапайым жұмысшылар жемқорлық тәуекеліне душар болу қаупі бар. Сонымен қатар, заң бұзушылық көбіне жемқорлыққа қарсы заңнаманы толық білмеуі себеп болып жатады», - деп есептейді Константин Петров.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің мәліметі бойынша, агенттіктің жұмысының негізгі аспектісі мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Көбіне құқықтық сауаттылығының төмендігінен азаматтар жемқор шенеуніктің құрбанына айналады. Сондықтанда осы мақсатта ақпараттандыру, жемқорлықтың пайда болу  жағдайын барынша азайту бойынша кешенді шаралар қабылдануда.


Back to the list