• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Көкшетауда мемлекеттік қызмет саласында жемқорлыққа жол бермеу мәселесі талқыланды 19.01.2015

Ақмола облысы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы агенттігінің департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Жапақов өз сөзінде атап өткендей, мемлекеттік қызметкерлердің жалпыға ортақ институты табысы мен шығыны туралы декларациялауды енгізу жоспарлануда. «Мәліметтер сай келмейтіні анықталған шенеунік мүлкінің заңдылығын дәлелдейтін болады, олай болмаған жағдайда ол жауапкершілікке тартылады», - деп атап өтті ол.

Ақмола облысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Ғалым Бекмағамбетов  өз сөзінде баса айтқандай, партияға бюджет пен ұлттық қор қаржысының мақсатты пайдалануын қадағалау мүндеті қойылған.

«Жемқорлықпен күресу үшін құқықтық база керек, ол үшін қоғамдық қадағалау туралы заң жасақталды, сондықтанда партия қоғамдық сектормен байланыс орнатуы керек», - деп толықтырды ол.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының басшысы Ерлаз Жайықбаев атап өткендей, мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңғырту сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында күнтәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. «Ашықтық принціпі жемқорлықпен күрес жолында өте маңызды. Сондықтанда оны енгізу жұмысы ұдайы жүргізіліп тұратын болады», - деп толықтырды ол. 


Back to the list