17.01.2015
БҚО ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, жемқорлықты анықтау мен оның алдын алу мақсатында А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінде колледж ұстаздары мен қызметкерлерінің қатысуымен семинар жиыны өтті. Онда ортаға басталған мәселе білім беру саласындағы жемқорлықты болдырмау мен жастар арасында жемқорлық санасының қалыптасуын тоқтату еді.
Шара барысында облыстық мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма жетекшісі Аманқос Жұбаныш сөз сөйлеп, департамент қызметкерлері тарапынан осы мақсатта қолға алынып жатқан шараларды таныстырды. Оның айтуынша, осынау кесапатпен күресу бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселесі.
Айта кету керек, тұрақты түрде облыстық департамент алдын алу жұмыстары мен халық арасында осынау сананы жоюға бағытталған шараларды өткізір отырады.