07.01.2015
Акцияны көтергендер ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық департаменті мен «Заман», «Студенттер Альянсы» және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан арго-техникалық университет студенттері. Шара ҚР Президентінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру аясында қолға алынды.
Хабарламада айтылғандай, шараның басты мақсаты жастар арасында жемқорлыққа қарсы сана қалыптастырып, пара беру мен алуға қатысты иммунитет пен осынау қылмысқа бей-жай қарамайтындай етіп тәрбиелеу.
Мұндай шаралардың өткізілуінің өзіндік орны бар. Елбасы «Мәңгілік ел» ұлттық идея мен «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруда жастардың алар орны мол екеніне тоқталған болатын. ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық департаменті тұрақты түрде жастар мен студенттер арасында осындай оқыту және ағартушылық шараларын өткізіп отырады.