• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодарда жемқорлыққа қарсы жаңа кеңес құрылды 06.01.2015

Жемқорлыққа қарсы жаңа органға партия мүшелері, облыстық резолюциялық комиссия өкілдері, мәслихат депутаттары, мемқызметкерлер мен қоғам өкілдері кірді.  

"Мемлекет басшысының "2050 Стратегиясына" сай құрылған кеңес жемқорлықты жоюда түбегейлі қызмет етуі керек. Бұл тек қана заңды белшесінен аттағандарды жазалау емес, сонымен қатар қоғамда осынау келеңсіздіктің алдын алу шараларын қамтиды.Оның арасында мемлекеттік қызметкерлердің көрсететін қызмет сапасы мен кәсіпкерлер мүддесінің қорғалуына да жол ашылмақ", - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жетекшісінің орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары Мақсат Өтешев. 

Кеңестің жұмысында басшылыққа алынатын басты құжаттар ретінде жаңа әкімшілік, қылмыстық және қылмыстық-процессуалды кодекс алынбақ. Олардың 2015 жылдан бастап өз күшіне енгені мәлім. Жаңа заңнама жемқорлардың шартты мерзімін алып тастау мен алынған параның көлеміндей мүлікті тәркілеуді қарастырады.      
 


Back to the list