• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
СҚО-да сыбайлас жемқорлықпен  күрестің қорытындысы  шығарылды – әкімдік 21.12.2014

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, төтенше жағдайлар департаментi мамандары биыл бұл бағыттағы 18 семинар-кеңес, дөңгелек үстел мен арнайы дәрiстер ұйымдастырған. Сонымен қатар, қоғам және бизнес-құрылым өкiлдерiнен жасақталған Қоғамдық Кеңес құрыпты.

«Кеңес құрылғалы 4 жиын өткiзiлiп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты өзектi мәселелер күн тәртiбiнде шығарылып қаралды. Жоспарға сай инспекторлармен жемқорлықпен күрес заңнамаларын және нормативтi құқықтық актiлердiң талаптарын үйрету жүргiзiледi. Заңды және жеке тұлғалармен жұмысты «бiр терезе қағидасы» бойынша қабылдау үрдiсi — сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоя алады. Сол себептi, өтiнiм берушi мен орындаушы арасында байланыс орнамау үшiн, барлық iс-қағаздар құжатпен қамту бөлiмiнде берiледi», — дедi СҚО ТЖД басшысының орынбасары Әсет Ысмағұлов.

 Облыс әкiмi бұл ретте келесi жылы шағын және орта бизнестегi тексерiстердiң жандануын пайдаланып, инспекторлардың жөн-жосықсыз тексерiске бой алдыруға жол берiлмеуi керектiгiн тапсырды.

Айыртау ауданында құқықтық негiздегi және жемқорлықты алдын алуға бағытталған мақалалар жергiлiктi ақпараттық құралдарда жарияланып тұрады. Мәселен, жыл басынан берi БАҚ-та 120 материал жарық көрген. Аудан басшысы Ағзам Тастемiровтың айтуынша, мемлекеттiк қызметке азаматтарды қабылдау тек ҚР мемлекеттiк қызмет туралы Заңына сай, конкурстық негiзде қабылданады.

Есiл ауданының әкiмi Мұратбек Әбiшевтiң есебi бойынша да ауданда жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен, аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты 6 құқы бұзушылық тiркелген. Өңiр басшысы бұл жұмысты қатаң бақылауға алып, аталған мәселенi келесi жылдың бiрiншi тоқсанында қайта қарастыру керек екендiгiн айтты.


Back to the list