09.12.2014
Форум жұмысына облыстың жетекші оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысты. Форум ҚР мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ұйымдастырылуымен өтті. Шараның мақсаты- жастар мәдениетінде жемқорлыққа қарсы күрес жағдайын бәсеңдету.
Өз сөзінде агенттіктің ШҚО бойынша департамент басшысы Ғалымбек Досанов ведомствоның негізгі жұмыс бағыттары мен агенттіктің өзара жұмысы туралы айтып өтті.
«Мемлекет басшысы «Біздің мақсатымыз-халыққа қызмет ету» ұранын белгілеген болатын. Жемқорлыққа қарсы күрес тек қоғам мен мемлекеттің біріге жұмыс істеуінде ғана нәтиже көрсетеді. Біз жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ауқымды жұмыс жүргізетін боламыз. Жастарды әлеуметтік желі арқылы құлақтандырамыз. Сондай-ақ, бірыңғай call-center және anticorruption.gov.org сайтына хабарласуға болады», - деді Г.Досанов.
Форум қорытындысында ШҚО жастарына деген үндеу оқылды. Онда жастар жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарын жүргізу үшін өзіне жауапкершілік алуы қажет.