• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада жемқорлыққа қарсы тұңғыш жастар форумы өтті 09.12.2014

Форумда жемқорлыққа қарсы пікірталас алаңы ұйымдастырылды, онда қазақстандық қоғамдағы  жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі мен оның байқалуына нөлдік шыдамдылық таныту мәселелері талқыланды.

Студенттік және жастар ұйымының өкілдері аталмыш шараны өткізудің заманауилығы мен өзектілігін атап өтті.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын әзірледі. Құжат  2014 жылдың 11 қарашасында «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысында  қабылданды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы мақсаттарына жету үшін жемқорлықты түбегейлі жою қажет. «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы бірге тұруы керек. Жемқорлық – тек құқық бұзушылық қана емес. Мемлекетке деген сенімсіздікті тудырып, ұлттық қауіпсіздікке әсерін тигізеді», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, 9 желтоқсан күні әлемде Халықаралық  жемқорлыққа қарсы күн мерекеленеді. 2003 жылы бұл күні БҰҰ конвенциясына қол қойылған болатын. Қазақстан аталмыш конвенцияны 2008 жылы ратификациялады.


Back to the list