09.12.2014
«Біз жастарға ерекше көңіл аударамыз. Ақпараттық қоғам жағдайында жас пен тәжірибенің маңызы ерекше. Жастар көшбасшыларының рөлі артып, жастар ұйымдарының да маңызы көтерілуде. Нәтижесінде азаматтық және жеке бас қасиеттер қалыптасу жеделдеуде. Сол себепті демократиялық және адамгершілік құндылықтардың мәдени қоғамын қалыптастыруды ұсынамын. Жастар өздері әлеуметтік тәжірибелердің белсенді субъектілеріне айналуы тиіс», - дейді А.Шпекбаев.
Төраға орынбасарының айтуынша, жастар ұстанымы жемқорлыққа қарсы күресте де белгілі бір мәнге ие. «Сіздер қоғамдағы жаңарту процестеріне белсенді қатысуларыңыз керек. Жемқорлық барынша аз тараған мемлекеттерде басқа емес, дәл осы жастар бірінші кезекте әлеуметтік-мәдени тұрғыда ықпал еткен», - дейді.
ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі республика бойынша студенттік және жастар ұйымдарының қатысуымен Халықаралық жемқорлыққа қарсы күнге арналған тақырыптық шаралар ұйымдастырды.
Камила Амирова