• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбеде архитектуралық-құрылыс бақылауы кезіндегі жемқорлықпен күрес талқыланды 01.11.2014

Комиссия мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті жетекшісі Бердияр Пірімбаевтың баяндамасын тыңдады. Онда рұқсаттама құжаттарын беру мен архитектуралық-құрылыс бақылауын жүзеге асыру кезіндегі сыбайлыстыққа қарсы күрес жұмыстары туралы айтылған, деп хабарлайды өңір әкімдігі. 

Оның айтуынша, биыл ведомства тарапынан жоспардан тыс тексеру болған жоқ. Сонымен қатар кәсіпкерліктің 34 субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Солардың ішінде 15-іне шамамен 2 млн теңге айыппұл жазылса, қалғандарының істері әкімшілік сотқа жіберілді.

Әкімдіктің хабарлауынша, облыс аумағында 722 нысанға құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. 9 айда 444 нысан пайдалануға берілді. Қазіргі таңда облыста 1 535 кәсіпорынның лицензиясы бар. Солардың ішінде 1077-сі құрылыс-монтаж жұмыстарын, 364-і жосбау қызметтерін жасай алады.


Back to the list