27.10.2014
«Оқытушы семинар мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар жұмысының негізгі принциптерін талқылауға арналды.Қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы халық тарапынан мемлекеттік басқару институттарына сенімділігінің және мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттігінің негізгі көрсеткіші болып табылады», - деп хабарлады агенттік.
Осылайша, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетудің әдістерінің бірі қолданыстағы бақылау жүйесі.Ол мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бұзушылықтарыныңсебептеріне жәнетәртібіне жүйелі талдау негізінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу және болдырмау шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Соған қоса, ішкі бақылау жүйесі персоналды сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ынталандырады.
Агенттік және мемлекеттік органдардың ішкі бақылау бойынша бірлескен жұмысы негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімдерін бұзу
(2012 жылмен салыстырғанда 8,8 есе төмендеген) және мемлекеттік қызметтерге келіп түскен шағымдар (25%-ға) азайды. Автоматтандырылған қызметтер (2 еседен аса) мен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің (51%-ға) ұлесі ұлғаюда.
Семинарда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау жүргізетін ішкі бақылау қызметтерінің басшылары қатысты.
Семинардың қатысушылары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ахуалдық орталығының жұмысымен танысып, мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау бойынша Агенттік пен Министрліктің бірлескен жұмысын деректі уақыт мерзімінде көруге мүмкіндік алды.