• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Таза сессия» акциясы Қазақстан ЖОО-ларында жемқорлық  деректерін анықтауға мүмкіндік береді 24.10.2014

Одақ өкілдерінің айтуынша, акция барысында оқу орындарында анонимді сауалнама жүргізіледі. Алынған ақпаратты ұйымдастырушылар сараптап, Білім және ғылым министрлігіне жолдайды.

«Таза сессия» акциясын біз ҚР БҒМ Жастар ісі комитетінің мемлекеттік және әлеуметік тапсырысымен жүргізудеміз. Біздің мақсатымыз – техникалық және кәсіптік оқыту мен ЖОО-да жемқорлық әрекеттерді анықтау мен оның алдын алу. Осындай тәртіп бұзушылықтың елімізде бар екені жасырын емес. Мәселе, әрине, өте күрделі. Осы тұрғыда студенттер өздерінің азаматтық позициясына да көп нәрсе байланысты. Осындай шараның ұйымдастырылуы жастар арасында жемқорлыққа деген жиіркенішті оятатыны анық», - дейді «Студенттердің өзін өзі басқару және даму одағы» КҚ атқарушы директоры Айгүл Смағұлова.

 


Back to the list