22.10.2014
«Мәжіліске облыс әкімі Қ.Көшербаев, өңіріміздің бас прокуроры С.Нұрпейісов, облыстық прокуратура қызметкерлері, басқарма басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысты», -делінген хабарламада.
Кеңесте өңірімізде «Мүлдем төзбеушілік» принципін қалыптастырудың кейбір мәселелері және облыстағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің жағдайы тақырыбында облыс прокурорының орынбасары Р.Райханов пен облыс әкімі аппаратының басшысы Қ.Жайсаңбаев баяндама жасады.
Аймақ басшысы өз сөзінде сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғамның назарын аудару маңызға ие болу керек. Ол көптеген мәселенің шешілуіне ықпал етеді.
«Елбасымыз Жолдауында айтып өткендей, жемқорлықпен күрестің маңызды қадамы - «мүлдем төзбеушілік» принципін қалыптастыру. Нәтижесінде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық жүрген жерде мемлекеттік өкімет пен атқарушы органдардың абыройы төмендей бермек», - деді облыс әкімі.