18.10.2014
Бірлескен кеңестің күн тәртібінде аймақтық филиалдардың жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан жоспарлы жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктің партиямен бірлесіп атқарып жатқан ілкімді істері де назардан тыс қалмады, делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Аймақ басшысы Сергей Кулагин, өз сөзінде жемқорлықпен тиімді күресу жолында қоғамның қолдауы ауадай қажет, деп баса айтты.
«Коммуникациясыз, қоғамның көмегісіз біз тек бірлі-жарым жомқорлықпен байланысты әрекеттердің бетін аша аламыз. Осы ретте партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы азаматтармен тығыз жұмыс істеуге бағытталған. Жалпы, жемқорлықтан құтылудың нақты шешімі жоқ. Сондықтанда келісіп пішкен тон келте болмас. Бірлесіп күрескен жөн. Қысқасы, халықтың құқықтық сана мен сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын қалыптастыру керек» - деді аймақтың партиялық ұйымның төрағасы С.Кулагин.
Жалпы, кеңес қорытындысы бойынша жемқорлықпен күрес жолында сәйкесінше қаулылар қабылданды.