17.10.2014
«Кездесуге «Жас Отан» ЖҚ ОҚОФ Атқарушы хатшысы Молдабеков Бауыржан, Шымкент қалалық студенттер Альянсы директорының орынбасары - Темирова Кымбат, «Еңбекші ауыл жастары одағы» ассоциациясының оңтүстік облыстар бойынша атқарушы директоры Байзахова Сәбира және жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, студент жастар қатысты», - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын атап өткендей, аталмыш жобаның бағдарламасына аймақтық партия мүшелерінен, сараптамалық бірлестігінен және ғаламтор пайдаланушыларынан 700-ден астам ұсыныс түскен болатын.
«Сыбайлас жемқорлықты жою – біздің халқымыз бен мемлекетіміздің негізгі құндылығы болып табылатын – Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы. Сондықтан да қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сана қалыптастыру қажет және де сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюда, шешуші және соңғы сөз ЖАСТАР тарапынан болуы керек»,- «Жас Отан» ЖҚ ОҚОФ Атқарушы хатшысы Бауыржан Молдабеков.
Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің идеялық негізін партияның саяси Доктринасында бекітілген Заңның үстемдігі, Əділеттілік, Отбасы және дəстүр сынды әмбебап құндылықтар – құрауы тиіс.