• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Байбек: 2015-2025 жылдары тұрмыстық жемқорлыққа қарсы күреске басымдылық беріледі 02.10.2014

«Бағдарламада негізінен азаматтардың күнделікті бетпе-бет келетін мәселелерін шешуге бағытталған. Біздің ойымызша, мемлекеттің ашықтығы, азаматтардың заңды сақтауы өзара сенімнің арқасында ғана орнамақ. Мемлекеттік меншікті басқару мен иелік ету процестеріндегі мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік секторлар жұмысының ашықтығын қамтамсыз ету мақсатында қоғамдық тәртіп, ақпараттың қолжетімділігі туралы мемлекеттік сатып алу туралы және жемқорлыққа қарсы күрес туралы жаңа заңдар қабылдау мен бірқатар нормативті актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған», - дейді ол.

Сонымен қатар, Бауыржан Байбек Мәжілістің ЕАЭО туралы заңды мақұлдауына байланысты жемқорлыққа қарсы күрес жаңаша сипат алмақ.

«Өздеріңіз де білесіздер, кеше Мәжіліс 170 млн тұрғын мен 2,2 трлн  долларлық экономиканы қамтитын бірыңғай нарықты құру туралы келісімді мақұлдады. Қазақстанның басты мәселесі – нарықтың тарлығы, теңіз жолының жоқтығы. Осының барлығы Мемлекет басшысының интеграциялық саясатының арқасында шешімін тауып келеді. Аталмыш одақ арқылы біз теңізге шыға аламыз. Осы тұрғыда әкімшілік кедергілерді алып тастау, бизнеске қолайлы орта қалыптастыруда жемқорлыққа қарсы күрестің жаңаша сипатқа ие болары анық», - дейді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы күрес саясатындағы басты ұстанымдарының бірі бастауыш кәсіпкерлерді әкімшілік кедергілерден қорғау.

«Азаматтар неге кәсіпкерлікпен айналыспайды? Өйкені олар жұмыстарына кіріспей жатып небір қағазбастылық пен кедергілерге тап болады. Осыны енді барынша азайту керек. Егер мемлекет қажетті жағдайды жасап берсе, сонда азаматтар да заңға деген құрметтері арта түседі. Сонда ғана көлеңкелі экономиканың көлемі азаймақ», - дейді.

Индира Қауметова


Back to the list