26.08.2014
«ХҚКО мен салық органдары секілді халықпен тікелей жұмыс істейтін мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қажеттілік бар», - дейді С.Ахметов.
Штаттық кестеге сай, ХҚКО қатардағы қызметкерлерінің орташа жалақысы 65 мың теңге болса, жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің айлық жалақысы 45 мың теңге, салық органдары қызметкерлері міндетті әлеуметтік алымдарды санамағанда 60 мың айлық алады, дейді Астана қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары.
«Халық санын арттыру кезінде жұмыс тұрақты артып отырады, осы орайда аталмыш мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілік деңгейлерін де естен шығармау қажет. Ол жемқорлық әрекеттерге тоқтау болар еді», - дейді.
«Ал мемлекеттік қыметкерлерге келер болсақ, олар нәтижелі жұмыс істеумен қатар жеткілікті деңгейде материалдық жағдай мен моральдық құндылықтарға ие болуы қажет», - дейді С.Ахметов.
Камила Амирова