26.08.2014
«Бағдарлама жобасында жергілікті жерлерде паартиялық қоғамдық бақылаудың тиімді жүйесін нығайту қарастырылған. Қоғамдық бақылаудың негізгі тетіктерінің бірі бақылау кеңестері, денсаулық сақтау мекемелері мен білім беру мекемелеріндегі қамқорлық кеңестері болуы қажет», - дейді «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов.
Оның айтуынша, жемқорлық қылмыстар тек мемлекеттік органдарға ғана қатысты емес. Сонымен қатар, жеке секторға да аса қауіпті болып табылады.
«Бағдарлама жобасында заңнамалық тетіктерді жетілдіру, көлеңкелі экономика мен жемқорлық деңгейін төмендету, соның ішінде сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы олқылықтарды толтыруға баса назар аудару қажет», - дейді С.Ахметов.
Сонымен қатар, партия мүшелеріне шешімдер мен нормативті актілерді қабылдау кезінде тиісті тұлғалардың жемқорлық қызығушылықтарының алдын алуға мемлекеттік партия қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыратын заңнамалық норма енгізу ұсынылды.
Жалпы, С.Ахметовтың айтуынша, 2013 жылы Астанада жемқорлық қылмыстары бойынша 49 қылмыстық іс қозғалып, 6 адамға жемқорлық әрекеттері үшін әкімшілік жаза тағайындалды.
Камила Амирова