• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама талқыланды 13.08.2014

«Құжат мемлекет пен қоғамның сұранысына жауап бере ала ма? Ондағы ұсынылған шаралар жеткілікті ме? Қалыптасқан жағдайдан шығуға қандай баламалы шешімдер, құралдар мен технологиялар көмектесе алады? Осы және өзге  сұрақтар «Нұр Отан» партиясы, партия жанындағы Қоғамдық саясат институты өкілдері, сарапшылар, саясаттанушылар, экономистер, социологтар, талдаушылар, ҮЕҰ өкілдері, кәсіпкерлер, құқыққорғаушылар, журналист-шолушылар және т.б. қатысуымен сараптамалық брейнсторминг форматында талқыланды», - делінген хабарламада.

Шараға қатысушылар жемқорлықпен күрес  институционалдық, заңнамалық, азаматтық сипаттағы ұдайы жаңа бастамалар мен жүйелік шараларды, сондай-ақ қалың бұқара – халықтың, кәсіпкерлердің, мемлекеттік және азаматтық сектордың өкілдерінің,  сарапшылардың қолдауын қажет етеді деген ортақ пікірге тоқталды.

Пікірсайысқа қатысқандар жемқорлыққа қарсы бағдарлама жобасына өз ұсыныстары мен толықтыруларын енгізді. Олар құжаттың қорытынды нұсқасын дайындау барысында ескерілетін болады.

 

 


Back to the list