• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасы талқыланды 08.08.2014

Осыған орай өз сөзінде БПҰ төрайымы, «Қазақстан темір жолы» ҰК «Северный» АҚ аға билет кассирі, қалалық мәслихатының депутаты Роза Арыстанқызы өз сөзінде жаңа бағдарлама партияның саяси Доктринасындағы құндылықтарды іске асыратын, концептуалдық, жүйелік сипаты бар саяси, идеологиялық құжат болып табылатынын баса айтты. Ендігі уақытта сыбайлас жемқорлықты туғызатын себеп пен жағдайды жоюға басты назар аударылмақшы.

Жобаға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың негізгі салмағы жергілікті жерлерге, бастауыш партия ұйымдарына ауады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру баяндамасын жариялау секілі басқа да жаңа механизмдерді енгізу қарастырылды.

«Жобаны оқып шықаннан кейін, өзім үшін бұл бағдарлама жемқорлыққа қарсы күрес қозғалысына қалың бұқара топтарының еліктіруге бағытталғанын белгіледім. Жалпы, болашақта, партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының сәтті жүзеге асырылуы еліміз бен қоғамымыздың барлық өмірлік іс-әрекетінде жемқорлық деңгейінің төмендеуіне септігін тигізеді, - деп есептейді «Жол бөлімшесі» бастауыш партиялық тобының төрағасы Сансызбай Шәймерденов.


Back to the list