01.08.2014
Келіп түскен ұсыныстардың басым көпшілігі редакциялық сипатта болып келеді, концептуалдық ұсыныстар көбіне кәсіпкерлермен, ҮЕҰ бірлесе әрекет ету, депутаттардың, партиялық кураторлардың өкілеттігін кеңейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жастарды тарту және т.б. секілді мәселелермен байланысты
Бағдарламаны одан әрі жетілдіру барысында есепке алынатын бірқатар ұтқыр ұсыныстар да келіп түсті. Мәселен, сарапшы А.М.Жәкішев азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды барынша кеңейтуді ұсынады.
Өз кезегінде, сарапшы Д.А. Франк еліміздің жемқорлықпен күрес әдістерін жетілдіру мен қатысушы-мемлекеттерде жемқорлыққа қарсы саясаттың жүргізілуіне мониторингті жүзеге асырумен шұғылданатын ГРЕКО-ға (Жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттер тобы) мүше болғаны маңызды екенін атайды. Сонымен қатар, Д.А.Франктың пікірінше, Қазақстанда «inrem» тәркілеу институты жұмыс істеп, әрі тәркілеу қылмыстық іс жүргізуден тыс жүруі тиіс деп ұсыныс білдіреді.
Сарапшы Г.Н.Біләлова Бағдарлама жобасын тиімді жетілдіру мақсатында елімізде жемқорлық жағдайы туралы шынайы ақпарат алуға мүмкіндік беретін бірқатар социологиялық зерттеулер жүргізуді ұсынады.
Айта кетейік, Бағдарлама жобасы республиканың барлық аймақтарындағы сарапшылар қауымдастығынан, партиялықтар және азаматтық қоғам өкілдерінен келіп түскен ұсыныстар мен толықтырулар тұрғысынан жетілдірілетін болады.