• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
МГМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бағдарлама жобасы талқыланды 26.07.2014

Мәжіліске «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институтының сарапшысы С. Белгібаев қатысты. Институт маманының айтуынша, Жемқорлыққа қарсы бағдарлама сірескен нормаларға толы құқықтық құжат емес, жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған саяси құжат.

Бұл құжат Елбасының тапсырмасы бойынша бес айдан аса әзірленіп, енді жұртшылықтың назарына ұсынылмақ.

Жемқорлыққа қарсы бағдарламаны оңтайлы іске асыру үшін әр бесжылдыққа екі мәрте жол картасын әзірлеу, жыл сайын іс-шаралар жоспарын бекіту көзделіп отыр.

Жиналыс соңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсету жұмыстарын одан жалғастыра беру керектігі туралы шешім қабылданды. 


Back to the list