08.07.2014
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізу үшін «Нұр Отан» партиясы бірінші кезекте тәртіпті күшейте отырып, бюрократия мен қағазбастылықты азайтпақшы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін мемлекетпен қатар, қоғам мен әр азаматтың жауапкершілігі қамтылып отыр. Сонымен қатар, бағдарлама жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қоғамдық бақылауды шынайы күшейту, ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға бағытталған заңдар қабылдау қажеттігі көрсетілген», - деді Б. Байбек
Сонымен қатар ол бағдарламаның іске асырылуының тәжірибелік механизмі ретінде бес жыл сайын Жемқорлыққа қарсы жол картасы бағдарламасы мен жыл сайын шаралар жоспарының жаңарып отыратынын айтты.
«Бізде, партияда есептілік пен жауапкершілік қағидаты сөз жүзінде емес, нақты іс жүзінде жүзеге асып жатыр. Оның дәлелі ретінде алдағы бір ай бойы біз тарихта тұңғыш рет, жалпы біздің саяси партияларымыздың арасында алғашқы болып өз партиямыздың қаржылық есептілігін жариялайтын боламыз», - деді Б.Байбек.
Отырыс барысында Бауыржан Байбек аталмыш бағдарламаның әрбір азаматтың санасына өзгеріс туғызып, жемқорлықтың жолын кесетінін кесіп айтты.
Және де бірінші орынбасар бағдарламаның іске асырылуы азаматтар қызметіндегі тиімді мемлекеттің құрылуына, сонымен қатар жауапты азаматтық қоғамның қалыптасып, күшті қазақстандық бизнеске бастау болатынын алға тартты.
Камила Амирова