• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Әрбір адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық стратегияға ұсыныс енгізе алады – қарпол 04.07.2014

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ағымдағы жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты халыққа Жолдауында әлемнің 30 дамыған елдері қатарына енудің ұлғайған жоспары ұсынылған.    

«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру арнасында еліміздегі болып жатқан ауқымды өзгерістер  жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы институттар, тетіктер мен құралдарды жаңарту қажеттілігі айқын болды.     Бұл жұмысты үйлестіру үшін Премьер-Министр К.Қ. Мәсімов басқаратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, деп агенттікте хабарлады.

Елбасы мемлекеттің жаңа саяси бағытының мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қалыптастырып, іске асыруды ең маңызды міндет ретінде қарастырады.

Ұлттық сыбайлас жемқорллықа қарсы стратегияның жобасын әзірлеумен құрамына Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдардың, қазақстандық және халықаралық қоғамдық ұйымдардың өкілдері, атақты ғалымдар мен сарапшылар енген сараптамалық топ айналысады.

Қазіргі уақытта сараптамалық топ мемлекеттік органдардың ұсыныстарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді стратегиясын іске асыра алған елдер тәжірибесі арқылы зерделеуде.

Ол үшін Қаржы полициясы агенттігінің www.finpol.gov.kz ресми сайтында 5 шілдеден 25 шілдеге дейін «Халықтық құқықшығармашылық» атты бөлім жұмыс істейтін болады. Аталған бөлімге әрбір азамат өзінің ұсыныстарын көрсете отырып хабарлама қалдыра алатын болады.


Back to the list