03.07.2014
«Жемқорлықты жоя білген шетелде табыс пен шығынды жаппай декларациялау, параны арандату секілді жемқорлыққа қарсы күрестің бірқатар құралдары пайдаланылады. Біз осы тәжірибені зерделей отырып 2025 жылға дейінгі жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының бағдарламасына енгізіп, біртіндеп қолданысқа шығару керек», - дейді.
Ол Сингапурды мысалға келтіре отырып жемқорлық ең аз мемлекеттердің қатарына ену жолын көрсетті.
«Онда заңнамалық тұрғыда жемқорлық пен құқық бұзушылық жолмег алынған мүліктің айналасына «адалау аумағы» құрылыуда. Онда азаматтарға арнайы міндеттемелер жүктелген. Ол міндеттемелерді орындамаған азаматтар қудалауға ұшырайды. Жемқорлық дерегін білетін тұлға бірінші кезекте оны құзіретті орындармен бөлісуі керек. Әйтпесе 500 000 сингапур доллары көлемінде айыппұл салынады. Бұл бізге де керек тәжірибе. Өйткені біз жемқорлық деректерін тиісті орындарға хабарламай жатамыз», - дейді О.Бектенов.
Оның айтуынша, әрбір жемқорлық дерегі азаматтардың бойында жиреніш пен теріс көңіл-күй тудыруы керек. Ол үшін жемқорлық жағдайын ақпараттандыру мен өзге де шаралар бойынша бірқатар міндеттемелер мүмкіндік бермек.
Сонымен қатар азаматтардың жемқорлыққа қарсы тұру белсендігін арттыруда сыйақы тағайындау жағдайы да нәтиже бермек.