• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2013 жылдан бастап қарпол жемқорлық ақпарын берген  адамдарға 25 млн теңге төледі 03.07.2014

ҚР Экономикалық қылмыс және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда жемқорлық деректерін хабарлаған адамдарға сыйақы тағайындау туралы Ереже бар.

Жемқорлық жүйесіне қарсы тұру құралының бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымды көрсеткен азаматтарды материалдық қолдау қарастырылған.

«Мойындау керек, сыйақының бекітілген шектеуі мемлекеттің мүддесіне айтарлықтай зиян келтіретін жемқорлық қылмыстары туралы ақпараттарды ашуға дайын азаматтарды ынталандыру деңгейіне жетпейді. Осылайша енгізілген институттың әлеуетін толыққанды ашуға мүмкіндік болмай отыр. Жемқорлық деректерін хабарлаған жандарды мемлекеттік сыйақымен қамтамсыз етуді жетілдіру керек», - дейді агенттіктің ақпараттық-сараптамалық департаментінің жетекшісі О.Бектенова.

Оңтүстік Кореяда келтірілген шығын немесе жемқорлық құнының белгілі бір пайызын хабарлаған адамға беру жүйесі енгізілген.

Сарапшының айтуынша, осы сынды тетікті Қазақстанда енгізу айтарлықтай нәтиже беріп, жүйелі жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Жемқорлық схемасының қатысушылары алатын қаражат пен сыйақыны таңдау жағдайына түсіп, нәтижесінде қылмыстың саны азаюы әбден мүмкін.


Back to the list