06.06.2014
Қаржы полициясы қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтай келіп, әкім Ахметжан Есімов Алматы қалалық Экономикалық қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Агенттіктің ең үздік аймақтық бөлімшелерінің бірі екенін еске салды.
«Бүгінде қаржы полициясы еліміздің экономикалық мүддесін қорғауда өз міндетін абыроймен атқаруда. Экономикалық, қаржылық және жемқорлық қылмыстарын ескерту, анықтау, жолын кесу мен қылмысты ашу міндеттемелерін ойдағыдай орындауда. Тек биылғы жылдың өзінде департамент қызметкерлерінің кәсіби жұмысының арқасында 545 қылмыстың беті ашылды. Мемлекетке келтірілген 4,1 млрд теңге залалдың 3,3 млрд теңгесі қайтарылды. Бұл жалпы көрсеткіштің 82%-ын құрайды», - дейді Ахметжан Есімов.
Қала басшысының айтуынша, жалған кәсіпкерлік, заңсыз ойын бизнесі, сонымен қатар материалдық шығын келтіру секілді қылмыстарды анықтау мен жолын кесуге баса назар аударылуда, деп хабарлайды қала әкімдігі.