• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жемқорлық  арқылы келген 157 млрд теңге шығын қайтарылды – Қаржы полициясы 05.06.2014

«2013 және 2014 жылдары жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы тұру нәтижесінде шамамен 290 млрд теңге шығын қайтарылды. Соның ішінде 157 млрд теңге іздестіру шаралары барысында иелеріне қайтарылды», - дейді М.Ахметжанов.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 5 айында 5 мыңдай қылмыс тергелген.

«2013 жылы біз 10 мыңнан астам қылмыстың беті ашылып, тергелді. Ал биылғы жылдың алғашқы 5 айында бұл көрсеткіш шамамен 5 мыңды құрап отыр. Солардың арасында 27%-ы ауыр және өте ауыр деңгейдегі қылмыстар. Ал 65 пайызы экономикалық қылмыс болса, 21-і жемқорлық фактілері болып табылады», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның мәліметінше, өткен жылдан бастап бүгінге дейін түрлі деңгейдегі шамамен 300 жетекші қылмыстық жауапкершілікке тартылып, солардың 22-сі республикалық мәнге ие болса, 83-і облыстық, қалғандары аудан мен қала деңгейіндегі қылмыстар. 

 


Back to the list